Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде карантиндік шараларды сақтай отырып бейнебайланыс режимінде салтанатты іс-шара өткізілді, онда Департамент аппараты, аумақтық және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков құтықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін, Қазақстанның бірлігін, Конституцияның қорғалуын және жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы деп атап өтті, сондай-ақ қатысушыларға еліміздің гүлдене беруін, әр қызметкерге бейбітшілік, денсаулық, бақыт, мейірімділік пен отбасына амандық тіледі.
Жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан Департамент қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен және «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапаттады, сонымен қатар мерзімнен бұрын және кезекті атағын беруімен құттықтады.
Салтанатты жиналыс барысында «ҚР Тұңғыш Президентінің жолы» деректі фильмнің көрсетілуі ұйымдастырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі