Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды.

Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында сағат 02.37-де Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Ақсу ауданында "Алматы – Өскемен а/ж-Қапал-Аран шипажайы" автожолының 19 шақырымында, Көшкентал ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөліктер қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД күшімен Урал базасындағы "Шнекоротор" арнайы техникасын қолдану арқылы, автожол учаскесі қар құрсауынан тазартылды, 10 автокөлік өз жүрістерін жалғастырды. Автокөліктер салонында 30 адам болды, оның ішінде 2 бала. Олардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Сол күні сағат 09.30-дан бастап Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына, бұрқасын мен нашар көрінуіне байланысты "Алматы – Өскемен а/ж - Қапал-Араан шипажайы" облыстық маңызы бар автожол учаскесінде (0 шақырым мен 45 шақырым арасында) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытқа барудан бас тартуды сұрайды.

 

                                       Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі