
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылғы 27 қарашада Алматы уақытымен 14 сағат 18 минутта сезілімдігі жоқ жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 109 шақырым жерде, Алматы облысының Енбекшіқазақ ауданында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.6.
MPV магнитудасы 3.5.
Эпицентрдің координаттары 43.25° с.ш. 78.26° в.д.
Тереңдігі 15 шақырым.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі