
2020 жылғы 23 қарашада сағат 21.36-да Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласында "Papillon" монша кешенінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына алты минуттын ішінде келген бойда
монша кешенінің аумағында екі моншанын өртенуі анықталды.
Өрттің тез таралуына үлкен өрт жүктемесі және ғимараттың дизайн ерекшеліктері ықпал етті.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 45 қызметкері мен 11 техникасы, сондай-ақ қалалық қызметтерден "ТАЭТК", апаттық-газ қызметі, жедел медициналық көмек және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 23.03-те сөндірілді, өрттің аумағы 180 ш.м. құрады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебін анықтау үшін
Алматы облысы ТЖД өрт сынақ өрт зертханасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі