
Үстіміздегі жылдың 16 қарашасында сағат 11.26-да Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Талдықорған қаласының 6 шағын ауданында орналасқан бес қабатты, үш подъезді көп пәтерлі тұрғын үйдің кабельдік шахтасында кабельдердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 11.49-да сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру құралдарынан кәбіл шахтасы зардап шекті. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.
ТЖД қызметкерлері үш адамды, 1942 ж. т. әйелді, 1993 ж. т. ер адамды және 2007 ж. баланы құтқарды. Сондай-ақ 40 адам эвакуацияланды (оның ішінде 15 бала және 25 ересек адам). Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 30 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнына қалалық АЭЖ тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері, авариялық-газ қызметі, жедел медициналық көмек және полиция басқармасының қызметкерлері келді.
Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығын анықталуда.
Аламты облысы ТЖД баспасөз қызметі