Алматы облысының Жаркент қаласындағы асханадағы өрт фактісі туралы ақпарат.

Алматы облысының Жаркент қаласындағы асханадағы өрт фактісі туралы ақпарат.

Үстіміздегі жылдың 15 қарашасында сағат 19.06-да Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Жаркент қаласындағы "Қашғар" асханасының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Шақыру орнына сағат 19.15-те келген соң "Қашғар" асханасының ас ішетін бөлмесі отпен толық қамтылғаны анықталды.

Асхана 300 орынға есептелген. Карантиндік шектеулерге байланысты асханада келушілер болған жоқ, өйткені 6 қызметкерден тұратын қызметкерлер асты тапсырушыларға  жеткізу үшін жұмыс істеді.

Өртті сөндіру барысында асханадан 10 үлкен газ баллоны (50 л) шығарылды. Өрт сағат 20.30-да ауыздықталып, сағат 21.00-де 770 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 18 қызметкері мен 2 техникасы, №2091 әскери бөлімінен 3 әскери қызметші мен 1 техника, МЕӨҚҚ Алтынкөл станциясының 3 жұмыскері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 жұмыскері мен 1 су тасығышы жұмылдырылды. Шақырту дәрежесінің жоғарылығы бойынша шығу кестесіне сәйкес қосымша Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы 10-ӨСБ өрт сөндіру бөлімі - 5 қызметкер және 1 бірлік техника жіберілді.

Өртті сөндіру объектінің үлкен өрт жүктемесімен (асхананың ішкі бөлігі жанғыш материалдармен қапталған), сондай-ақ қатты түтінмен қиындады. Үздіксіз су беру өрт орнынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан жақын жердегі өрт гидрантынан жеткізу арқылы қамтамасыз етілді.

Жедел қабылданған шаралармен өртті бір метр қашықтықта орналасқан тұрғын үйлерге, сондай-ақ 3 метр қашықтықта орналасқан дүкенге таратуға жол берілген жоқ.

Адамдар көп жиналатын объектілерде өртті болдырмау үшін Алматы облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

 

                                         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі