Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 2020 жылғы 16 қарашадағы болжамы негізінде, 16 қараша 21.00-тан 17 қараша аралығында Алматы облысының аумағында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Талдықорғанда түнде көктайғақ болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.

                   Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі