
Биылғы жылы балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл жаңа мәселе емес, дегенмен де кейбір ата-аналар осыған жауапсыздықпен қарап, терезесі ашық тұрған пәтерде балаларды жалғыз қалдырып кетеді.
Құрметті ата-аналар, әрине, балаларыңыз сіз үшін ең қымбат жан. Егер сіздің салғырттығыңызға байланысты бала өмір мен өлім шегіне шықса, сіз ең алдымен орын алған оқиғаға өзіңізді кінәлайсыз. Сіздің отбасыңыздың тыныштығын сақтау және қайғы-қасіретті болдырмау үшін балаңызды ашық терезеге жібермеу, оның үстіне ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау жеткілікті.
Терезеден құлау-балалардың жарақаттануы мен өлім-жітімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Балалар ашық терезенің алдында білуге құмарлығына байланысты өте осал. Жыл сайын ыстық күндер басталысымен балалардың терезеден құлау жағдайлары өседі. Балаларды қорғау - бұл бірінші кезекте ата-аналардың міндеті. Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?
Есте сақтаңыз! Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз - оны әрдайым мықтап ұстаңыз, баланың күрт қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.
Балаларыңызды сақтандырыңыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі