
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 2020 жылғы 12 қарашадағы дауылды ескертуі негізінде 2020 жылдың 12 қарашасының 21 сағат 00 минуттан 13 қарашасының 21 сағат 00 минутына дейін 13 қарашада Алматы облысының кей жерлерінде түнде қатты жауын-шашын (қарға ұласатын жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, кей жерлерде түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Осыған байланысты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
- азаматтарға автокөлікпенжолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару,
- жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі