Сапожников мұздығына оқу-жаттығу ұшуларын Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жүргізді.

Сапожников мұздығына оқу-жаттығу ұшуларын Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жүргізді.

Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында Алматы облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері "Қазавиақұтқару" АҚ-ның ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшағымен Сапожников мұздығында (биіктігі 3200 м.) жаттығу ұшуларын орындады.

Жедел-құтқару жасағымен мұздыққа жеке құрамды түсіру және отырғызу тәсілдері және зардап шегушіні зембілмен әуе кемесіне тасымалдау, сондай-ақ 3 мың 200 метрге дейінгі биіктіктен түсіру және бортқа отырғызу пысықталды.

Сонымен, жаттығу сценарийіне сәйкес, туристік жорықта ер адам жарақат алды – аяғын шығарып алды және өздігінен қозғала алмайды. "Қазавиақұтқару" АҚ ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшағында көмек туралы келіп түскен хабарламаға жеке құрамның 4 адамы бар жасақ, 1 кинологиялық есеп ұшып шықты.

Орынға ұшып келгеннен кейін іздестіру жұмыстары сәтті жүргізіліп, жасақ жеке құрамының күшімен алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Мұндай жаттығулар нақты жағдайларда - мұздықтарда зардап шеккендерді құтқару кезінде құтқарушы нақты және қатесіз әрекет етуі үшін қажет.

Жаттығу ұшулары құтқарушылардың кәсіби деңгейін қолдау және "Қазавиақұтқару"АҚ ұшу экипаждарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу ұшуларының жоспарына сәйкес өтеді. Жыл басынан бері 7 оқу-жаттығу ұшуы жүзеге асырылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі