
Үстіміздегі жылдың 10 қарашасында сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-ға Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшесінің шақырту орнына келгеннен кейін, тұрғын үйдің толық жануы (көлемі 5х8) орын алғаны және төбелік жабынның құлауы орын алғаны анықталды.
Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан үш адамның денесі табылды: 2012, 2001 және 1976 ж.т.
Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді, өрттің көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖД қызметкерлері күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, жеке тұрғын үй секторын аралауды жүргізуде. Осындай нұсқаулық 2019 жылдың 24 қарашасында осы үйде өткізілді.
Алматы облысы ТЖД тұрғын үйде өрттің пайда болуын болдырмау үшін азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі