
Үстіміздегі жылдың 9 қарашасында сағат 23.54-те Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Талдықорған қаласында тұрғын үйдің шатыры жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу өртке қарсы бөлімшелер шықты. Шақырту орнына келген бойда екі пәтерлі тұрғын үйдің жанғаны анықталды.
Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлерімен пәтерлердің бірінен үй иесі, 1957 жылы туған ер адам құтқарылды, оның жағдайы тұрақты. Сондай-ақ өртті сөндіру барысында жанып жатқан үйден 2 газ баллоны шығарылды (сыйымдылығы 27 литр).
Өрт сағат 00.20-да оқшауланып, сағат 00.24-те сөндірілді, 150 ш.м. алаңда. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 10 адам және 3 бірлік техникасы, қалалық полиция басқармасынан 3 қызметкер және 1 бірлік техника, 1 Жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД тұрғын үйде өрттің пайда болуын болдырмау үшін азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін ескермеуді және оларды мүлтіксіз сақтауды сұрайды:
- электр сымдарының, ажыратқыштар мен розеткалардың жарамдылығын бақылау;
- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде, жанбайтын тұғырларда, перделерден, жиһаздардан және жанғыш материалдардан алыс ұстауға;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбауға;
- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеңіз, мұржаларды айына кемінде бір рет тазалау қажет;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
- пеш жағуды үйден шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі