Алматы облысы ТЖД "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өткізілуде.

Алматы облысы ТЖД "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өткізілуде.

2020-2021 жылдардағы апатсыз қысқы кезеңді өткізу мақсатында Алматы облысының аумағында 5-6 қараша аралығында "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өткізілуде.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті штабтық жаттығуды өткізуге дайындықтың белсенді кезеңіне, сондай-ақ қысқы кезеңге дайындықтың практикалық іс-қимылына бастамашылық етті.

2020-2021 жылғы апатсыз қысқы кезеңді өткізуге дайындық 2020 жылғы 3 қарашада басталды - Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында бейне-конференц байланыс режимінде облыстың барлық азаматтық қорғау қызметтерімен "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығуын өткізу тәртібі туралы нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Осы сабақта ой-ниет және ұйымдастыру іс-шаралары, сондай-ақ "Қыс-2020" республикалық штабтық жаттығуын өткізу жоспары талқыланды, онда азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларды жою іс-қимыл жоспарларын зерделеу туралы ұсынымдармен қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне және 2020-2021 жылғы қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарын күшейту жөніндегі мәселелерге толығырақ тоқталды. Ішкі саясат бөлімімен штабтық жаттығуды көрсету үшін Талдықорған қаласындағы жергілікті теледидар, сондай-ақ баспа басылымдарының өкілдерін тарту туралы мәселе келісілді. Өткізілген сабақтың қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметтері тарапынан алдағы "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығуына қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған барлық мәселелер сол жерде пысықталды.

4 қарашада Алматы облысының әкімдігінде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен "Облыс аумағының 2020-2021 жж. қысқы кезеңді қауіпсіз өтуге дайындық барысы туралы" тақырыбында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа апатсыз қысқы кезеңнің өтуіне жауап беретін комиссия мүшелері мен Алматы облысының Азаматтық қорғау қызметі, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері қатысты. Кеңес барысында "Қыс-2020" РШТ шеңберінде орындалатын негізгі міндеттер, проблемалық учаскелер, сондай-ақ қысқы кезеңді дайындау және тікелей өткізу бойынша практикалық іс-шаралар белгіленді. Отырыс қорытындысы бойынша барлық басқару органдарына қысқа мерзімде барлық ұйымдастыру мәселелерін орындауға және аяқтауға және штабтық жаттығуды өткізу жоспарын іске асыруға тапсырмалар берілді.

Ұйымдастыру нұсқауларының талаптарының бірі Қысқы кезең жағдайында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеру, ТЖ алдын алу және жою бойынша көмек көрсету кезінде азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарын тарту, дүлей зілзала аудандарында қалған адамдарды іздестіру және оларды уақытша орналастыру аудандарына эвакуациялау мәселелерін пысықтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, РШТ басшылығының штабынан түскен.

Осы міндеттерді орындау мақсатында "Текелі энергокешені" ЖШС объектісінде авариялар болған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша көрнекі тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған, онда 6 қарашада Алматы облысының құтқарушылары төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша "Текелі энергокешені"ЖШС қазандық объектісінде екінші деңгейдегі галереядағы өрт кезінде жеке құрамның іс-қимылдары пысықталатын болады. Аталған оқу-жаттығудың мақсаты: өрт шыққан кезде Департамент пен қазандық жұмыскерлері және Текелі қаласының басқа да азаматтық қорғау қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды тексеру, сондай-ақ жеке құрамның бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде апаттармен ТЖ туралы ақпаратты беру бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру және шұғыл қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау. Оқу-жаттығуға Алматы облысының ТЖД-39 адам және 10 бірлік техника, АМО-3 адам және 1 бірлік техника, жедел медициналық жәрдем қызметі-2 бригада, "Текелі энергокешені"ЖШС қазандығының АҚ формированиясы қатысады.

Осындай штабтық жаттығулар барлық аумақтық және құрылымдық бөлімшелерде өткізіледі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қысқы жағдайда тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

- ең алдымен елді мекендерден тыс жерлерге шығуды жоспарлау кезінде ауа райы болжамын, дауылды ескертулер туралы хабарламаларды, ұялы операторлардың SMS жіберілімдерін, дәрмен мобильді қосымшасының хабарламаларын ескеру қажет (ұялы телефонға PlayMarket, AppStore арқылы тегін орнатуға болады, сондай-ақ ықтимал және болжанатын Төтенше жағдайлар туралы хабардар болуға болады);

- автокөліктерді шығуға дайындау, машинада жылы киім қоры, азық - түліктердің, дәрі-дәрмектердің, жанар-жағармай материалдарының және басқа да қажетті заттардың шағын қоры болуы тиіс;

- таулы жерлерге шығуды жоспарлау кезінде автожолдардың көшкін қаупі бар, қар басатын учаскелеріне назар аударылсын;

- табиғатта белсенді демалу үшін мұзда, таулы жерлерде, балық аулау, шаңғымен сырғанау кезінде қарапайым мінез-құлық ережелерін және қысқы кезеңнің төтенше жағдайларында мінез-құлықтың басқа ережелерін білу қажет.

 

                                           Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі