
Үстіміздегі жылдың 4 қарашасында Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ қызметкерлері "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жастар" еріктілерімен, сондай - ақ Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Есік қаласының автостанциясы аумағында және "Сұлтан"," Тоқжан "Вира" базарларында "Абайлаңыз-иісті газ"акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді және саны-1200 дана өрт қауіпсіздігі ережелері бар үгіт материалдары мен магниттер таратылды, сондай-ақ короновирустық инфекциядан сақтану шаралары жеткізілді және осындай мөлшерде "COVID-19" тақырыбына брошюралар таратылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.