
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 04 қарашасында бейнеконференцбайланыс режимінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өткізілді.
Отырыста төрт мәселе қаралды:
Мәселелерді қарау барысында жедел штаб құру және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарын топтастыру, олардың құрамына жол және теміржол қызметтерінің өкілдерін қосу туралы баяндалды.
Тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептері жеткізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне одан әрі орнату үшін түтін мен газдың шығуын анықтайтын датчиктерді сатып алу мәселесі қаралды.
Табиғи өрттердің себептері мен саны және облыс аумағындағы елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру және өртке қарсы сумен жабдықтау жөніндегі іс-шаралар қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тиісті облыстық қызметтерге, аудандар мен қалалардың әкімдеріне орындау мерзімдерімен нақты міндеттер қойды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі