«Қыс-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен дайындық кездесуі өткізілді

«Қыс-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен дайындық кездесуі өткізілді

2020 жылдың 3 қарашасында видео конференц байланыс арқылы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс орталығында алдағы Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізу тәртібі туралы облыстың барлық азаматтық қорғау қызметтерімен кеңесі  өткізілді.

Мақсаты, ұйымдастырушылық нұсқаулар, сонымен қатар «Қыс-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы онда азазматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларды жою іс-қимыл жоспарларын зерделеу туралы ұсыныммен қысқы кезеңге дайындық және 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын күшейту туралы толығырақ баяндалды.

Ішкі саясат бөлімімен алдағы штабтық жаттығуды жариялау үшін Талдықорған қаласындағы жергілікті теледидар, сондай-ақ баспа басылымдарының өкілдерін тарту мәселесі келісілді.   

Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері «Қыс-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы туралы сөз сөйледі. Кездесу барысында ақпарат алмасу және «Қыс-2020» Республикалық командалық-штаттық оқу жаттығуы туралы өткізу жоспары бойынша хабарлама беру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Онда азаматтық қорғау қызметтерінің кіріспе жұмыстарды пысықтауға арналған арнайы іс-шараларды орындау туралы назарын аударды.

 Азаматтық қорғау қызметтеріне 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша орындалатын іс-шаралары, сондай-ақ облыс аумағында 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңді қауіпсіз өткізуге дайындық барсысы туралы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарланған отырысы жеткізілді.  

Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметтері тарапынан алда болатын «Қыс-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы және олардың қатысуы бойынша қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сұрақтар сол жерде пысықталды және азаматтық қорғау қызметтерінің функционалдық міндеттерін зерделеу бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

                                 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі