Егер улы газды анықтау датчигі іске қосылса не істеу керек?

Егер улы газды анықтау датчигі іске қосылса не істеу керек?

Иісті газды анықтау датчиктері орнатылған халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке тұрғын үйлерінде батарейкалардың разрядталуы себебінен олардың іске қосылу жағдайлары жиі орын алады. Мұндай жағдайларда орнатылған датчикті алып тастап, ондағы батареяны жаңасына ауыстыру керек. Батарейкаларды ауыстыру міндетті түрде жүргізілуі тиіс, өйткені бұл аталған үйлердің тұрғындарының иісті газбен улануын болдырмау үшін қажет.

Датчиктің іске қосылуын батарейканың разрядталуынан қалай ажыратуға болады? Батарея заряды таусылғанда, датчик үзілісті сигнал шығарады, яғни дыбыс шығады, содан кейін үзіліс, дыбыс, үзіліс. Ал датчик иісті газды анықтаудан іске қосылған кезде үздіксіз сигнал беріледі.

Мұндай жағдайларда датчиктер орнатылған үйлердің тұрғындарына датчиктер іске қосылған жағдайда өртке қарсы қызметке хабарлау және 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалу, үй-жайды желдету үшін барлық терезелерді дереу ашу, отбасының барлық мүшелеріне жылы киім кию, үй-жайдан шығу және өртке қарсы қызмет қызметкерлерін күту қажет.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі