Өрт қауіпсіздігі үшін бірге!

Өрт қауіпсіздігі үшін бірге!

Жарақаттануға және адамдардың қаза болуына ықпал ететін негізгі жағдай
тұншықтырғыш газымен уланудан болады, Ондай оқиғалар көп жағдайда түнгі ұйқы кезінде пайда болды.
Сол себепті бүкіл отбасы мүшелері улану мүмкін. Тұншықтырғыш газдың тұрғын үйлерге бөлінуінің негізгі себебі бітелген түтін мұржасы, жарық пештер немесе ақаулы пеш болып табылады.
Тұрғын үй секторын аралау барысында
пешпен жылытылатын үйлерге, мұржаларын тазалап, пешті дұрыс пайдалану быйынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Алматы облысы ТЖД Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен
"Көмек қолы!",Бірге өрт қауіпсіздігі үшін!"атты акциялар өткізілуде, бұл акцияның мақсаты отбасылық жағдайы төмендеу болып табылатын жанұяларға тұншықтырғыш газбен уланудын алдын алу мақсатында өткізілетін іс шара.
Азаматтық қорғау қызметкерлері акцияларды өткізу кезінде
ювеналды полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен,
Іле аудандық жастар клубының еріктілерімен бірлесіп келесі іс шараларды жасайды: мұржаларды тазарту, үйдің аумағындағы қоқыс пен құрғақ шөптерді тазарту, пештің айналасындағы жарылған жерлерді жамау, ашық тұрған электр сымдарын жөндеу. Сондай-ақ тұрғын үй секторын аралау жұмыстары кезінде Іле ауданының тұрғындарымен өртке қарсы түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. Бұндай акциялар тұрғындардың күзгі-қысқы өрт қауіпсіздік кезеңіне дайындығын бағалап, тұрғын үйлердегі өрттердің санын азайту мақсатында жүргізіледі.

Тотенше жағдай, адамдардың қаза болуын және тұрғын үйлердегі өрттерді азайту үшін келесі басты қағидаларды естен шығармау қажет: өрт қауіпсіздігі:
- электр сымдарының, ажыратқыштар мен розеткалардың жарамдылығын бақылау;
- электр плиталарды жарамды күйде және перделерден, жиһаздардан және жанғыш материалдардан алыс ұстау;
- бір желіге бірнеше электрқұрылғылардың қосылуына жол бермеу, бұл электр сымының қызуына акеп соғады;
- өз қолыңызбен жасалған электр қызқондырғыларын қолданбау,
- жылыту маусымы басталар алдында пештерді, мұржаларды жөндеңіз және жылыту маусымы кезінде мұржаларыңызды айына 1 рет тазартып отырыңыздар
- тез тұтанатын сұйықтықтармен пештер тұтандырмаңыздар
- пештерді жағуды үйден шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі