Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі мен ережелері туралы жұмыстар жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі  Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі мен ережелері туралы жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысының ТЖД Ескелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және 23-ӨСБ қызметкерлерімен, кадрларды дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі  Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі мен ережелері туралы жұмыстар жүргізілуде.

          Аудандық білім бөлімімен бірлесіп, аудан аумағындағы мектептердің жас түлектері және  ата-аналарымен  онлайын кездесу жұмыс жоспары жасалды.

          2020 жылдың 23 қазанда күні Ескелді ауданы орта мектебтерімен Қарабұлақ ауылдарының 50 бала 11 сынып оқушыларымен онлайын кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚР ТЖМ КТИ тақырыбына қысқаша бейнефильмдер көрсетілді және үгіт-насихат парақшалары таратылды және кәсіби бағдар беру сұхбаттары өткізілді.

          Ескелді ауданының ТЖБ инженері, азаматтық қорғау кіші лейтенанты Е.Тулендиновпен, оқу орнына түсу тәртібі бойынша онлайн дәрістер оқып, қойылған сұрақтарға әңгіме-сұхбаттар жүргізді. Кездесу аяғында уш мектеп бітіруші түлек, аталған жоғарғы оқу орнына түсуге ниет білдірді.

Жоғарыда аталған жұмыстар ары қарай жалғасуда.

 

 

                                   Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі