Коррупции нет!

Коррупции нет!

Еліміздің Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында «Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамуын  және мемлекеттілігін нығайту жолындағы басты бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес» деп атап көрсетті.  Бұл жауапкершілігі мол, күрделі жұмыс әр мемлекеттік ведомстволар деңгейінде жүргізіледі. Алматы облысы ТЖД Ескелді ауданыТЖБ және 23-өрт сөндіру қызметінде бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде.  

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, 2020 жылғы 23 қазанда  « Азаматық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі» тақырыбында семинар өткізілді.   

Орта және қатардағы жауынгер құраммен өткізіл генсеминар барысында еліміздегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қылмысының басты себептері түсіндірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар жеткізілді.  Қызметкерлер  семинар қонақтарымен сұрақ - жауап алмасып,  тақырып аясында жан - жақты пікірлесіп өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.    

Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық сияқты зиянды құбылысты күш біріктіре отырып қана қарсы әрекет ете алатындығымызды атап өткім келеді. Сонда ғана бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу туралы ұлттық идеяны жүзеге асырамыз. 

 

                                                                 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі