
"Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 23-24 қазанда Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 2-ден 7 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 3-тен 5 градусқа дейін үсік жүреді.
Осыған байланысты Алматы облысының ТЖД қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін азаматтарға келесі ұсыныстарды жеткізеді:
- азаматтарға жолға шығар алдында автокөліктермен ауа райы жағдайларына және дауылды ескертулерге назар аударсын;
- жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру қажет;
- машинада күрек пен балта, жылы заттар, сіріңке мен майшам, азық-түлік қоры мен ЖЖМ, құрал-саймандар жинағы мен сүйреткіш трос, алғашқы медициналық жәрдем дәрі қобдишасы мен зарядталған ұялы телефон болуға тиіс.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін "112" және "101"құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі