19 қазан - құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Бүгін Қазақстанның ТЖ алдын алу және жою жүйесіне 25 жыл толды. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және азаматтық қорғаныс саласындағы бірінші уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті болды. Ол "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 Жарлығына сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні болды. Содан бері азаматтық қорғау жүйесі көптеген маңызды өзгерістерге ұшырады. Осылайша, 2014 жылғы 6 тамызға дейін – Төтенше жағдайлар министрлігі, ал 2014 жылғы тамыздан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде Министрліктің бөлімшелері ІІМ құрамына кірді және ТЖ Комитеті болып қайта құрылды. Техногендік және табиғи апаттардың көбеюін ескере отырып, биыл Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды.
Өткен жылдар ішінде құтқарушылар әртүрлі нысандардағы адамдарды өрттен және түрлі апаттардан құтқару жөніндегі игі істе өздерінің жоғары кәсібилігін бірнеше рет көрсетті.
Ағымдағы жылдың 19 қазанында Алматы облысының әкімдігінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю. Ильиннің атынан Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. М. Тұрлашов "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медальдарымен марапатталды.
Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы күні сағат 17:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шарада азаматтық қорғау ардагерлері алғыс хаттармен, ал ерекшеленген қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша м. а. полковник Асқар Тасболатұлы Тойчубеков өзінің кіріспе сөзінде Департаменттің барлық жеке құрамы мен ардагерлерді құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, Отанымыздың игілігі үшін қызметте жаңа табыстар тіледі!
Салтанатты іс-шарада төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің бейнеқұттықтауы және «Өмірді құтқару» фильмі көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі