Алматы облысы Ескелді ауданы Қора шатқалының көшкін басқан ауыл учаскелерін зерттеу.

Алматы облысы Ескелді ауданы Қора шатқалының көшкін басқан ауыл учаскелерін зерттеу.

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 565 қаулысын орындау мақсатында Ескелді ауданының ТЖБ қызметкерлері "Қазселденқорғау" ММ Текелі өндірістік учаскесінің мамандарымен бірлесіп, 2020 жылғы 15 қазанда Ескелді ауданының таулы аймағында көшкін қаупі бар учаскелерді тексерді.

Аталған іс-шараға осы өңірлерде орналасқан ұйымдардың басшылары мен мамандары қатысты. Шатқалдың қауіпті учаскелеріндегі қауіпсіздік ережелері, өзін-өзі ұстау ережелері туралы ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алдын алу іс-шаралары барысында ескерту нұсқамалары мен жадынамалар таратылды, көшкін түсу қаупі бар кезеңде таулы аймақтарға шығуға болмайды және дауылды ескертулерге назар аудару қажет екендігі жеткізілді. Қазіргі уақытта "Қазселденқорғау" ММ мамандары өңірдің таулы аудандарында күнделікті бақылау орнатты.

 

                                         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі