
Құтқарушылардың кәсіби мерекесінің 25 жылдығына орай Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желілер арқылы 2020 жылдың 8-15 қазан аралығында құтқарушы мамандығына арналған балалар өлеңдерінің конкурстарын, оларды көркем оқу және суреттер байқауын ұйымдастырып өткізді.
15 қазанда қазылар алқасы конкурстың қорытындысын шығарды. Қазылар алқасының мүшелеріне жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ, өйткені барлық берілген жұмыстар ерекше назар аударуға лайық болды.
Өткізілген өлеңдер байқауының қорытындысы бойынша 1 орынды Іле ауданының 4 - сынып оқушысы Степанищев Константин; 2 орынды Іле ауданының 6-сынып оқушысы Әнуарбек Диар; 3 орынды Панфилов ауданының 3 - сынып оқушысы Барат Ақниет иеленді. Суреттер конкурсы бойынша 1 орынды Іле ауданының 6 сынып оқушысы Нұрмұхамет Аружан; 2 орынды Талдықорған қаласының 3 сынып оқушысы Гребенюк Виолетта; 3 орынды Ақсу ауданының 3 сынып оқушысы Мәдиұлы Дарын иеленді.
Барлығына қызықты шығармашылық жұмыстары үшін алғыс айтамыз және жас қатысушыларға табыс тілейміз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі