Құтқарылған тұрғындардан алғыс хат.

Құтқарылған тұрғындардан алғыс хат.

06.10.2020 жылы 05 сағат 01 минутта Алматы облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Қапшағай қаласының 5-ӨСБ ӨСБ өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт 6 қазан күні таңертең Қапшағай қаласының екінші шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінде орын алды.

Өрт-құтқару бөлімшелері осы мекен-жайға дереу шықты. Өрт сөндірушілер келген соң, тұрғын үйдің 2-қабатындағы жалпы ауданы 16 шаршы метр пәтердің өртенгені анықталды.

          Ғимарат жанып жатыр, едендері мен төбелері құлау қауіпі бар, адамдар терезеде көмек сұрап айқайлауда. Қарапайым адам мұндай суретті елестетіп қана, қорқынышқа бой береді.Ал өрт сөндірушілер бұл жағдайда тезірек  жалынмен қоршалған үйге кіріп, зардап шеккендерді құтқарып, өртті сөндіруі керек. Қапшағай қаласының 5-ӨСБ кезекші қарауылы осыны іс-жүзінде көрсетті.
           Қауіпсіздік мақсатында өртті жою жұмыстарын жүргізу кезеңінде осы үйдің тұрғындарын ғимараттан шығарды. Жедел келу және сауатты, үйлесімді жұмыс арқасында сағат 05:40-та өрт сөндірілді.

Тұтануды жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды, құтқарылғандардың барлығын тексеру жүргізу үшін дәрігерлерге берді.

От өз жолында ештеңеге өкінбейді. Жалын ғимараттарды қоқыс үйіндісіне айналдырады, ал орман орнында күл қалдырады. Өрттен ешкім сақтандырылмаған-егер мұндай жағдай орын алса, үміт тек өрт сөндірушілерге ғана қалады, өйткені олар көмектесе алады және құтқара алады.

Осыған байланысты аталған үйдің тұрғындары Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тасболатұлы Тойчубековтың атына алғыс хат жазды.

«Өрт сөндірушілердің ерлігін, батылдығы мен салқынқандылығын атап өткім келеді, олар біздің кіреберісіміздің тұрғындарының өмірін барлық қол жетімді тәсілдермен сақтап, от пен түтін арқылы өтіп, өзімізді аямай және өз өмірлерімізді қатерге тігіп алды. Мен оларға үлкен рахмет айтқым келеді және олардың күнделікті қауіпті әрекеттерін жүзеге асыру үшін қажет зор денсаулық тілеймін»,-деп жазды «Тан» ПКСК төрағасы Колесник Н.А. құтқарылғандардың атынан.           

 

                                               Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі