Алматы облысы ТЖД «Азаматтық қорғау бөлімшелерінде және Алматы облысы ТЖД 2020 жылы ішімдіктің және нашақорлықтың кесірінен жасалған қылмыстар мен әкімшілік бұзушылықтар туралы» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Алматы облысы ТЖД «Азаматтық қорғау бөлімшелерінде және Алматы облысы ТЖД 2020 жылы ішімдіктің және нашақорлықтың кесірінен жасалған қылмыстар мен әкімшілік бұзушылықтар туралы» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

2020 жылғы 13 қазанда сағат 10.00 Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлер арасында мас күйде автокөлік құралдарын жүргізудің, ішімдікке салынудың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында Департаменттің мәжіліс залында Департаменттің және «ӨС және АҚЖҚ» ММ аппараты, сонымен қатар Талдықорған қаласы аумағындағы ӨСБ бастықтарымен заңдылықты және жол жүру ережелерін сақтау, ішімдіктің зияндылығы  тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Семинар-сабақ «Азаматтық қорғау бөлімшелерінде және Алматы облысы ТЖД 2020 жылы ішімдіктің және нашақорлықтың кесірінен жасалған қылмыстар мен әкімшілік бұзушылықтар туралы ақпарат жеткізілді.

 «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК мәжбүрлеу және емдеу бөлімінің дәрігері Б. Нұрдәулетов ішімдіктің және нашақорлықтың зияндығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Талдықорған қалалық ПБ жол-патрульдік полиция ротасының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты С.Есімханов сөз сөйледі. Ол ЖҚЕ Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді.

Семинар соңынан аталған алкогольдік ішімдіктің кері зардабы туралы бейнеролик көрсетілді.

 

                                                            Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі