Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы азаматтық қорғау ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы азаматтық қорғау ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Жеке құрамды патриоттық тәрбиелеу мақсатында Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында 2020 жылғы 9 қазан күні Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Дүйсенханұлы Ахашовтың төрағалығымен Департаменттің дағдарыс орталығында бейнебайланыс режимінде Департаментің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамы азаматтық қорғау ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге Нұргелді Байғонысұлы Қойшыбаев, Владимир Иванович Андреев, Галина Николаевна Сидорчук, Әсет Қасаболатұлы Исаев, Серік Бекжігітов, Қайдар Есенұлы Тұякбаев, Серік Кабидоллаұлы Бейсекенов, Жақсылық Тұрсынұлы Төлеуов және Мирасбек Керейұлы Мақанов қатысып, жеке құрамға өртке қарсы қызметтің және азаматтық қорғау органдарының құрылуы тарихы туралы әңгімелеп, сондай-ақ өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жеке құрамды алда келе жатқан Құтқарушылар күні мерекесімен құттықтады.

 

Алматы облысы ТЖД

кадр саясаты бөлімі