Алматы облысы ТЖД ескертеді.

Алматы облысы ТЖД ескертеді.

Алматы облысы ТЖД ескертеді! "Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 09 қазанда Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын, таулы, тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 3 градус үсік жүреді, 1-6 градус үсік жүреді.

 Осыған байланысты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:

- азаматтарға автокөлікпенжолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару,

- жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.

 Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

 

                                                 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі