Исполнить долг ценою жизни.

Исполнить долг ценою жизни.

Ерлік, батылдық, мамандыққа деген адалдық, жанқиярлыққа дайын болу, өзара көмек - адамдардың өмірін құтқаруды өмірлік ісі ретінде таңдағандар олар әрқашанда ерекшеленді. Бұл кейіпкерлерді тек туыстары мен достары, әріптестері ғана емес, сонымен бірге өз өмірін сақтап қалғандар да еске алады. Мүмкін, сондықтан мұндай мамандықты күшті және батыл ер адамдар таңдайды.

Құтқарушылар күнінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, ТЖД басшылығы, ардагерлері мен қызметкерлері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің үйлеріне барып, туған-туысқандары мен жақындарын қолдап, азық-түлік корзиналарын табыс етті, сондай-ақ материалдық көмек көрсетті. Әкелер мен күйеулерді, әрине, ешқандай қамқорлық алмастыра алмайды, бірақ мүмкіндігінше ауырсынуды басуға тырысу керек — бұл басты міндет.

Қызметтік борышын атқара отырып, қаза тапқан адамдардың отбасыларымен кездесу бұл көп жылдар бойы қалыптасып келе жаьқан игі дәстүр ретінде шара. Жыл бойы Алматы облысы ТЖД қызметкерлері барлық мерекелерге және жеке күндерге сыйлықтар дайындап, қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуде.

Алматы облысы ТЖД гарнизонының қызметкерлері өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан өз әріптестерінің ешқашан ұмытпайды: Панфилов ауданы Жаркент қаласы №33 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері; өртке қарсы қызмет старшинасы Айсажан Илахунұлы Қожамбердиевті, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері өртке қарсы қызмет старшинасы Ғалым Тойлыбайұлы Стамбековты, Қарасай ауданы Қаскелен қаласының 1-ӨСБ аға өрт сөндірушісі ішкі қызмет сержанты Клименчук Александр Анатольевичті.

Кәсіби парызға қалтқысыз қызмет ету аға буын құрған даңқты дәстүрлерді мұқият сақтап, жалғастырып келе жатқан жас қызметкерлер үшін лайықты үлгі болып табылады.

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің аты-жөні бүгін күзетте тұрған адамдардың жадында мәңгі қалады.

 

 

                                                           Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі