Қыркүйек айында «Әрбір үйге өрт қауіпсіздік!» акциясы өтті

Қыркүйек айында  «Әрбір үйге өрт қауіпсіздік!» акциясы өтті

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін күшейту, өрттерде адамдардың қаза болуын және адамдардың улы газбен улануын болдырмау мақсатында, қыркүйек айында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментімен «Әрбір үйге өрт қауіпсіздігі» акциясы өткізілді.

Осыған байланысты, аталған акцияны өткізу үшін аудандық бөлімшелермен волонтерлік ұйымдар («Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, «Жалын», «Лидер КЗ»), Балқаш, Іле аудандарының жастар ресурстық орталығы, Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің «Болашақ» волонтерлері, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметтері тартылды. Акция барысында пеш жабдықтарын, электр жабдықтарын пайдалану, газ баллон қондырғылары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін халыққа жеткізуге және түсіндіруге басты назар аударылды.

Акцияны өткізу кезеңінде 6704 тұрғын үй секторын аралап, түбіртек-ұсыныстар таратылып, тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, оның барысында 13013 азаматқа нұсқау берілді.

Көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде және ауылдық округтердің, Қазпошта филиалдарының, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, аудандық ауруханалардың, жұмыспен қамту орталықтарының тақталарында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, балалардың шалалығы  және т.б. бойынша 1876 дана жадынамалар мен плакаттар жапсырылды.

Сонымен қатар, аудандар мен қалалардың полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік емес өмір салтын ұстанатын және алкогольді ішімдіктерді шектен тыс пайдаланатын адамдарының тұрғылықты жерлеріне 58 рейдтік іс-шара өткізілді.

Осы санаттағы азаматтармен өрт қауіпсіздігі саласында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай-ақ жылыту пештерін, электр жабдықтарын, газ қондырғыларын және баллондарды пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табыс етілді.

Сондай-ақ, акция аясында жалғыз басты қарт зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты еңбекке жарамсыз 12 отбасыға жарық жағу және жылыту, электрмен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, түтіндіктерді тазалау, үй аумағындағы қоқысты, құрғақ шөпті тазалау және т. б. көмек көрсетілді.

Тұрғын үй ұйымдарының басшыларымен («БейАжТранс» ЖШС, Қарасай ауданының «АлатауКомСервис» ЖШС) және ПИК төрағаларымен көп пәтерлі тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша газ аспаптарын қолдану бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Қорытындыда кіреберіс жолдарға, жертөле үй-жайларын жанғыш материалдардан тазалауға және көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салуға қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен және Іле ауданының жастар клубының еріктілерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді, онда бірлескен профилактикалық жұмыстар талқыланды және көп қабатты тұрғын үйлерде табиғи газ бен газ баллондарын пайдалану мәселелері қаралды.

«ZOOM.US» интернет сервис құралы бойынша онлайн режимде өрт қауіпсіздігіне жауапты оқытушылармен, білім беру басқармасының әдіскерлерімен, 384 қатысушыларды қамти отырып, 5-11 сынып оқушыларымен «Әрбір үйге өрт қауіпсіздігі», «Газ баллондарын пайдалану қағидалары» тақырыбында 5 семинар-кеңес өткізілді, онда өрт қауіпсіздігі саласындағы (өрт кезіндегі іс-әрекеттер және өртті қалай алдын-алу және сөндіру, өрт болған жағдайда қайда қоңырау шалу, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеу ережелері) мәселелер қаралды.

Талдықорған қаласының орталық көшесінде (Назарбаев даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысы) орнатылған LED-экрандарда 35 минут аралықпен, сондай - ақ Алматы-Бішкек трассасында «МОЛЛ Апорт» СОО алдында 30 минут аралықпен пеш жабдығын, электр жабдығын, тұрмыстағы газды және т.б. пайдалану кезінде талаптарды сақтау бойынша бейнероликтерді айналдыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Аудандар мен қалалардың ауылдық округтерінде жергілікті атқарушы орган, ПИК, ПКСК және т.б. өкілдерімен бірлесіп 354 жиын өткізілді, онда халыққа өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жеткізілді.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен «Жас Отан» Жастар қанаты филиалының еріктілері Instagram арқылы тікелей эфир форматында «Әр үйге қауіпсіздік», «Абайлаңыз газ!», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Газ аспаптарын пайдалану ережелері», «Абайлаңыз - улы газ», «Газ баллондарының жарылыстарынан қалай қорғануға болады» тақырыптарында 21 дәрістік сабақтар мен нұсқамалар өткізілді.

«WhatsApp» мессенджері арқылы осы тақырып бойынша 57 дәрістер, жадынамалар, роликтер  жіберілімі (21000 адамды қамти отырып, Қарасай ауданының «Асыл-Арман» ПИК және тұрғындарына, Қарасай ауданының білім беру бөлімі және ОАА; Талдықорған қаласының білім бөлімі және 82 ПИК) жіберілді.

Халық көп жиналатын жерлерде аудандар мен қалалардың инженерлік құрамы дауыс ұлғайтқыш құрылғылар арқылы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша «Абайлаңыз-улы газ!», «Пештерді, электр жабдықтарын және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және т.б. тақырыптарда 2059 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, сондай-ақ Департамент қызметкерлері еріктілермен бірге орталық базарларда, сауда үйлерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында және т.б. 44 513 үгіт материалдарын таратты.

Халыққа тұрмыста өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жеткізу мақсатында «Жетісу» телеарнасы, «Атамекен», «Алакөл», «Без проблемы» және т.б. баспа басылымдары сияқты бұқаралық ақпарат құралдары тартылды, онда 61 мақала жарияланды, теледидар бойынша 9 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

Интернет кеңістіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып материалдар аудандардың ТЖБ интернет ресурстарында, аудандар мен қалалар әкімдерінің ресми сайттарында, танымал әлеуметтік желілерде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша 339 профилактикалық материалдар орналастырылды.

 

 

                                       Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі