
2020 жылғы 6 қазанда сағат 16.40-та Алматы облысы ТЖД Кеген ауданында, облыстық маңызы бар "Кеген-Ақсай" автожолының 15 шақырымында, "Кеген" асуында қалын қардың жаууы салдарынан автокөліктердің жиналып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген Кеген ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері биіктігі 7-8 см болатын қар жауған кезде жазғы шиналары бар автокөліктер жоғары көтеріле алмайтынын анықтады, жалпы асуда 27 автокөлік, оның ішінде 6 жүк көлігі тұрып қалды.
Кеген ауылына ТЖД қызметкерлері 4 адамды эвакуациялады, бұл ауруханаға бара жатқан ер адам және Екі баласы бар әйел.
Қазақавтожол ЖШС қызметкерлері автожолды инертті материалдармен тазалау және себу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта қар жаууы тоқтады, көліктер транзиттік режимде жүріп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Алматы облысының ТЖД ауа райы жағдайларына және дауылды ескертулерге назар аударуды, қар түрінде жауын-шашын түсу қаупі бар жолға шығар алдында міндетті түрде жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыруды және өзіңізбен бірге көлікте келесі заттардың болуын ұсынады:
- күрек және балта;
- жылы киімдер;
- сіріңкелер мен шамдар;
- азық-түлік және ЖЖМ қоры;
- құралдар жинағы және сүйреткіш трос;
- зарядталған ұялы телефон.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі