Алматы облысы Қапшағай қаласындағы өрт фактісі бойынша ақпарат

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы өрт фактісі бойынша ақпарат

Үстіміздегі жылдың 6 қазанында сағат 05-01-де Алматы облысының ТЖД-ға Қапшағай қаласының 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша күштер мен құралдар дереу жіберілді. Шақыру орнына сағат 05-13-те келген бойда жоғарыда аталған мекенжай бойынша 4 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында екі бөлмелі пәтерде 16,5 шаршы метр алаңда балалар бөлмесі мен кіреберіс жанғаны анықталды.

Өрт сөндірушілер бөлімшелерімен өрт сағат 05:20-да оқшауланды, сағат 05:40-та жойылды.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері 32 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Өрт салдарынан 2 адам зардап шекті.

Зардап шеккендер дереу Қапшағай қаласының орталық қалалық ауруханасына орташа дәрежелі жану өнімдерімен улану белгілерімен жеткізілді. 1954 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы орташа. 1975 жылы туылған екінші әйел терапия бөлімінде, жағдайы орташа тұрақты.

Өрттің алдын-ала себебі қараусыз қалған балауыз шам болды. Аталған орынға Департамент қызметкерлері 8 адам және 3 бірлік техника шықты.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- бұзылған тұрмыстық электр аспаптарын, ескірген немесе ақаулы электр сымдарын, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын пайдаланбауға;

- электр желісінің артық жүктелуіне жол бермеу;

- отты пайдалану кезінде, әсіресе мас күйінде немқұрайдылық танытпауға;

- төсекте жатып темекі шегуге болмайды, темекі тұқылын шашпаңыз;

- оттың ашық көздерін (шырақтар, шамдар және т. б.) қараусыз қалдырмау;

- тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

 

 

                                              Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі