
Қазгидромет" РМК-ның 2020 жылғы 5 қазандағы дауылды ескертуі негізінде, 6 қазанда Алматы облысында солтүстік-шығыстан соққан жел таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Талдықорған қаласында: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі