Жер сілкінісі тұралы ақпарат

Жер  сілкінісі тұралы ақпарат

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылғы 3 қазанда Алматы уақытымен 17 сағат 50 минутта айтарлық сезілуі жоқ жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 км жерде Алматы облысы Панфилов ауданының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.6.

MPV магнитудасы 3.7.

Эпицентрдің координаттары 44.72° с.е. 79.79° ш.б.

Тереңдігі 15 шақырым.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Алматы облысының ТЖ Департаменті Жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдайды нақтылау үшін хабардар етті, жағдай нақтыланды, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.

 

                                                                    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі