Құтқарушылар күнінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне атаулы көмек көрсетті.

Құтқарушылар күнінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне атаулы көмек көрсетті.

Қоғамның назарын қарт адамдардың проблемаларына аудару мақсатында жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.

Бұл тек жастық шақта өмір ұзақ, денсаулық таусылмайтын және болашағы кең болып көрінеді. Жылдар өте келе, әсіресе қартайғанда, адам өзінің проблемалары мәңгі жеке болып қала беретінін және ең жақсы жағдайда тек жақын туыстарын қызықтыруы мүмкін екенін түсінеді. Бірақ бұл олай емес. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрақты негізде облыстың азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне атаулы көмек көрсетеді.

Қарттар күніне орай барлық шектеу карантиндік шараларын сақтай отырып, Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірлесіп 1980-2008 жылдар аралығында Іле ауданының өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеген ардагерлер М.А.Чубарованың, 1980-1991 жылдар аралығында Есік қаласының өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеген Г. П. Кибалиннің, И. П. Статникованың Есік қаласының өрт сөндіру бөлімі жүргізушісінің Д. В. Статниковтың жесіріне бару ұйымдастырылды. Сондай - ақ 1993-2010 жылдар аралығында Талғар қаласының өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеген ауған ардагерінің мерейтой иесі Г.Т. Иманбековті 60 жылдығымен құттықтады. Олардың барлығына материалдық көмек көрсетілді. Бару барысында ардагерлерді азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығымен - Құтқарушы күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, Кеген ауданының ТЖБ және 11-ӨСБ қызметкерлері Кеген ауылының жалғыз басты зейнеткеріне барып қайтты. Оны қарттар күнімен құттықтап, азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетті.

 

                                       Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі