
Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасымен бірлесіп Алматы облысы әкімдігінің білім басқармасының ғимаратында ONLINE режимде жалпы білім беретін мектептердің педагогтары мен оқушыларымен семинар-кеңес өткізді.
Азаматтық қорғаныс желісі бойынша облыс аумағында болуы мүмкін дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар және олардың халық пен шаруашылық жүргізу объектілері үшін зардаптары туралы ұғымдар, сондай-ақ террористік акт қатері туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру түсіндірілді.
Сондай-ақ, Алматы облысы мен әлемдегі жойқын жер сілкіністері кезіндегі ықтимал жағдай туралы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ұғымдары толығырақ жеткізілді.
Аталған семинарда тыңдаушылар жер сілкінісі тақырыбына қызығушылық танытты, оқушылар тарапынан төтенше жағдайлардың осы түрімен облыстың сейсмикалық қауіпті аймақтары тұратын жерлердегі қауіпсіздік сұрақтары қойылды, оларға Департамент қызметкерлері толыққанды жауаптар берді.
Семинар-кеңеске барлығы 90-ға жуық жалпы білім беру мектептерін қамтумен 338 адам қатысты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі