Өрт сөндірушілер әулетіне арналады.

Өрт сөндірушілер әулетіне арналады.

Содержание спойлера

Қәзіргі таңдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу керек, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. Құтқарушы мамандығында қызмет атқаратын қызметкер міндетті түрде ер жүректі, төзімді, физикалық тұрғыдан дайын, сонымен қатар теориялық білімі мен өртпен күресуде практикалық дағдысы болуы керек. Бұл қасиеттердің барлығын Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы №16-ӨСБ өрт сөндірушісі әрі азаматтық қорғау органдарының құрдасы азаматтық қорғау кіші сержанты Бекет Елтаевтің бойынан көруге болады. Оның бала кезіндегі арманы өрт сөндіруші болу және әкесі Ерлан Ондаевқа еліктеп, адамдарды қауіп-қатерден арашалау болатын.

Әкесі Ондаев Ерлан 1998 жылы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінің №25 кәсіби өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші мамандығы қызметінен бастаған, осы мамандықта 22 жыл қызмет атқарып, 2020 жылдың ақпан айында зейнеткерлікке шықты. Қызмет атқару кезінде өзін кәсіби сауатты және жауапкершілігі мол қызметкер ретінде танытты. Әкесі Ерлан тәжірибелі қызметкер ретінде жас қызметкерлерді өздерінің кәсібін құрметтеуге, өрт сөндіру техникасына, құралдарына және бөлім теңгеріміндегі мүліктерге ұқыпты қарауға үйретіп, өзінің ұлы Бекеттің осы қызметке келуіне үлкен септігін тигізді. Мінсіз қызметі үшін ІІІ және ІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған. Осы қызметте міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 2018 жылы ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Касымовтың құрмет грамотасына ие болған.

Кіші сержант Бекет Елтаев ең қауіпті мамандықты таңдап, Ерландай әкесінің ізін басып жүрген ұлының бірі. 2017 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтаған соң, сол жылы әскери борышын өтеуге ҚР Қарулы күштері қатарына шақырылды. Қазіргі таңда Жансүгіров ауылындағы №-16 өрт сөндіру бөлімінде еңбек етуде. Жетекшісі Нұрлан Исеналиевтің біліктілігімен мамандықтың қыр-сырын меңгеруде. Бөлімнің қызметтік міндеттерін атқарып келген кезінен бастап 6 өрт оқиғасына, 9 дала құрғақ шөбінің жануына шығып, өзінің міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Қызметтен тыс спорттың еркін күрес түрімен айналысуда. Осы спорт түрінен аудан және облыс аумағында болған ірі жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізіп, түрлі медальдар мен мадақтау грамоталарына ие болған.

 Нағыз өрт сөндіруші шаршауды әрі «қолымнан келмейді» деген сөзді білмейді. Тәуліктің кез-келген уақытында, тіпті, аптап ыстық пен қақаған аязда ол отқа да, суға да түсуге дайын. Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады. Өрт сөндірушінің жұмысы оңай емес. Олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі мамандықтардың бірінен саналады. Өрт сөндірушілердің жұмысы ерлікпен пара-пар. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Өрт сөндіруші сөзі абырой, батырлық, өжеттілік сөздерімен қатар естіледі. Иә, өрт сөндіру сынды жауапты да қатерлі жұмыстарында жүрген ұжым мүшелерінің еңбегі қай жақтан болса да құрметке лайық.

19 қазан - Құтқарушылар күні ретінде өрт сөндіру мамандарының кәсіби күні болып белгіленгеіне тура 25 жыл толады. Бірі білсе, бірі білмейтін бұл атаулы күннің маңыздылығы зор. Өмір мен өлімнің арасында жүріп, ел үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтар мақтан етуге тұрарлық.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Династии пожарных посвящается