Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай Алматы облысының ТЖД шағынфутбол бойынша жарыстар өткізілді

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай  Алматы облысының ТЖД шағынфутбол бойынша жарыстар өткізілді

Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай Алматы облысы ТЖД Алакөл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және Үшарал қаласының №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Үшарал қаласының ұйымдары арасында шағынфутбол бойынша жарыс ұйымдастырылды және өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты-өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың имиджін және жауынгерлік рухын көтеру, жас ұрпақты патриоттық рухта, өзі және әріптестері үшін жауапкершіліке, ұжымның ынтымағы мен бірлігіне тәрбиелеу.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды құтқарушылар командасы, 2 орынды KazMicroFinance (KMF) микрокредиттік ұйымының командасы және 3 орынды 17-ӨСБ командасы иеленді. Жарысқа барлығы 6 команда қатысты.

Құтқарушылар күні қарсаңында осындай іс-шараларды өткізу арқылы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушы мамандығын насихаттап, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауға тырысады.

 

 

        Алматы облысы ТЖД баспасөз