
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Орта Меркі» демалыс аймағында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау.
Рейд барысында ТЖД қызметкерлері орман шаруашылығы өкілдерімен және демалыс аймағының иесімен бірлесіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және олардың жарамдылығын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған ескертулерді жою жөнінде ұсыныстар көрсетілген нұсқамалар табысталды.
Сондай-ақ демалушылар мен демалыс аймағының әкімшілігіне өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Ашық отты қолдануға жол бермеу, от жағу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету тәртібі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.