
Байбосынов Бекжан Бекбайұлы, азаматтық қорғау подполковнигі – өз жұмысын 2000 жылы Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентіндегі №31 өрт сөндіру бөлімінде жүргізүші лауазымынан бастады, онда 3 жыл жұмыс істеп, Сарыөзек кентіндегі №31 Өрт-сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы болды. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Министірлігінің Көкшетау техникалық Институтын бітіріп, лейтенант атағын алды және өз жұмысын сол бөлімде қарауыл бастығы болып жалғастырды, онда 3 жыл жұмыс істеп, Кербұлақ ауданының ТЖБ аға инжинері қызметінде, 2008-2017 жылдары Кербұлақ ауданының ТЖБ Бас маманы лауазымда қызмет атқарды.
2017 жылы Өртке-қарсы қызмет жұмысында жақсы нәтижелер мен жоғары кәсіби қасиеттерін көрсетіп Байбосынов Бекжан Бекбайұлы Панфилов ауданы ТЖБ бастығы лауазымына тағайындалды. Қызмет еткен уақытында «Мінсіз қызметі үшін 1,2 және 3 санаттағы», «Төтенше жағдайлардың алдын – алуда және жоюды Үздік шыққаны үшін» және т.б. медальдармен марапатталды.
Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толады, Бекжан Бекбайұлы осынша жылын өзінің ержүрек кәсібіне арнады. 2017 жылдан бастап Панфилов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келеді, қазіргі уақытта онда жұмыс істейді.
Біз адамдарды құтқару ісіне адал және өз ісіне адал - адаммен бірге жұмыс жасағанымызды мақтан тұтамыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қізметі