
2020 жылдың 19 қазанында азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25-жыл толады. Құтқарушылар күн сайын батылдық, батырлық және қайсарлық таныта отырып, өз ісіне адал қарым-қатынас көрсетеді. Олардың ішінде өзіміздің жерлесіміз Кеген ауданы, Ақтасты ауылының тумасы 1995 жылы 12 қарашада туған Сабиғат Сайлаубекұлы Сайлаубекті атап өткіміз келеді.
Қазіргі уақытта азаматтық қорғау кіші сержанты С.Сайлаубек Кеген ауылының №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі лауазымында 2017 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Қызметтік жолында Сабиғат өзін тек жақсы жағынан, үлгі тұтар қызметкер ретінде көрсетіп келеді.
2017 жылы №11 өрт сөндіру бөлімінде қызметін бастағаннан бері Сабиған аудан бойынша әр түрлі төтенше жағдай оқиғаларына шығып, төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысып келеді. Атап айтқанда 12 өрт оқиғасына, 7 авариялық-құтқару жұмыстарына, 1 іздеу жұмысына қатысты.
2018 жылдың 30 қараша күні ауа райының қолайсыздығынан Түменбай ауылына қарасты Сарытау учаскесінде қар құрсауында қалып қалған адамдарды құтқарғаны үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының Құрмет дипломына ие болды.
Біз адамдардың өмірін құтқару үшін азаматтық қорғау органдарында жұмыс істейтін жас өрт сөндіруші Сабигатты мақтан тұтамыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі