
Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 11 шілдедегі №5-1/273-И тапсырмасын орындау мақсатында, 2025 жылғы 22 шілдеде Ұйғыр ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Подгорное» балалар сауықтыру лагерінде сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде балалар мен қызметкерлерді жедел эвакуациялау іс-қимылдары пысықталды. Сонымен қатар, демалушылармен жазғы өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңыздылығы, отқа ұқыпсыз қараудың салдары және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алматы облысының ТЖД