Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 24 шілдеде Алматы облысында «Жер-2025» республикалық командно-штабтық жаттығулары өткізіледі. Жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, облыстың азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары қолданылатын болады.

2025 жылғы 24 шілдеде сағат 10:00-де бүкіл республика бойынша электро-механикалық сиреналар, сирена-дауыс құрылғылары және теле- және радиохабарларды бұғаттау арқылы хабарлау жүйесінің тексерісі жүргізіледі.

Еске саламыз, төтенше жағдай қаупі туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін электро-механикалық сиреналар, сирена-дауыс құрылғылары немесе басқа да сигналдық құралдар іске қосылады — бұл «Баршаға назар аударыңыз!» сигналы. Бұл сигналды естіген кезде, халық қол жетімді ақпарат алу құралдарын (теледидар, радио, интернет-сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар және т.б.) дереу қосып, жағдайға байланысты әрі қарай әрекет ету жөніндегі нұсқауларды алу керек. Алынған ақпаратты отбасы мүшелері мен көршілерге жеткізу қажет.

Ақпаратты «112» және «101» телефон нөмірлерінен алуға болады.