
Қапшағай қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері азаматтық қорғау кіші сержанты Абылқасымов Нұрасыл Хамитұлы 1995 жылғы 04 Маусымда Алакөл ауданының Үшарал қаласында туған азаматтық қорғау органдарының құрдасы болып табылады.
Қапшағай қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі лауазымында 2017 жылдың шілде айынан бастап қызмет өткеріп келеді. Білімі арнайы-орта 2013 жылы Талдықорған қаласындағы политехникалық колледжін бітірген «Ақпараттық жүйе» мамандығын алып шықты. 2015-2016 жылы Қарулы күштер қатарында қызметін өткерді. Нұрасыл Хаметұлы Абылқасымов өзінің қызметтік міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әрқашан азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар комитеттінің бұйрықтары мен ережелерін оқып-білу арқылы өз біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар атқарып отырады және игерген білімін күнделікті жұмыс барысында сауатты және тиімді қолдана біледі.
Осы уақытқа дейін аса ірі 4 өртке және 7 құтқару жұмыстарына шықты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі