
2025 жылғы 11 шілдеде Ұйғыр ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Звездочка» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін танымдық экскурсия өткізді.
Іс-шара барысында балалар өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен, өрт сөндіру техникасы және арнайы жабдықтармен танысты. ТЖБ қызметкерлері бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі ережелерімен және жаз мезгіліндегі судағы қауіпсіздік қағидаларымен түсіндірме жұмысын жүргізді.
Экскурсия достық атмосферада өтті, балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, белсенді түрде қатысты.
Алматы облысының ТЖД