
Іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандарымен өзара әрекеттестік Жоспарын іске асыру аясында, Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 24-25 қыркүйек аралығында Қырғыстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ыссық-Көл облысының шекаралас аудандарының Басқармаларымен «Шекара-2020» байланыс бойынша бірлескен штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – трансшекаралық аумақтарда табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қолданыстағы байланыс құралдары мен телекоммуникациялық жүйелерді қолданып күштер мен құралдарды тиімді басқаруды қамтамасыз ету сұрақтарын пысықтау.
Оқу-жаттығуды өткізу кезінде Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының жедел-кезекші қызметтерін ақпаратпен қамтамасыздандыру бойынша және Департамент байланыс тобының лауазымды тұлғаларымен өзара әрекеттесу сұрақтары пысықталды.
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының кезекші бөлімінен және Алматы облысының ТЖД байланыс тобының күштері мен құралдарының және командалық-штабтық автокөлігін орналастыру орнынан телефондық және факсимильдік байланыс, электрондық пошта арқылы мәліметтерді беру, Қырғыстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ыссық-Көл облысының Басқармасымен Skype арқылы бейне - конференц байланыс ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық сигналдар өткізу жоспарына сәйкес пысықталды, телефон анықтамаларын және бұдан әрі жұмыс істеуге қажет басқа да мәліметтерге түзетулер жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД «Шекара» оқу-жаттығуын 8 рет ұйымдастырып, әрі оларға қатысып отыр.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі