Азаматтық қорғау органдарында 25 жыл.

Азаматтық қорғау органдарында 25 жыл.

                  

Талқанбаева Айгуль Болатқызы, азаматтық қорғау кіші сержанты – өз жұмысын 1995 жылы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы №124 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы лауазымынан бастады, онда 13 жыл жұмыс істеді.

2008 жылы Өртке-қарсы қызмет жұмысында  жақсы нәтижелер мен жоғары кәсіби қасиеттерін көрсетіп Талқанбаева Айгуль Болатқызы Қаскелең қаласы №1 Өрт-сөндіру бөлімінің радиотелефоншы лауазымына тағайындалды. Қызмет еткен уақытында радиотелефоншы Талқанбаева Айгуль Болатқызы «Мінсіз қызметі үшін 1,2 және 3 санаттағы», «Еңбек сіңірген жылдары 10,15 және 20 ж.» үшін және «Жена офицера» т.б. медальдармен марапатталды.

Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толады, Талқанбаева Айгуль Болатқызы осынша жылын өзінің кәсібіне арнап кележатыр. 2011 жылдан бастап Жамбыл ауданының Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншы лауазымында атқарып келеді, қазіргі уақытта жұмыс істейді.

Сондай – ақ кіші сержант Талқанбаева Айгуль Болатқызы офицердің, дәлірек айтқанда запастағы подполковник Жумабаев Нурдавлет Мұқанұлының әйелі болып табылады, ол да 25 жылдан астам уақытын азаматтық қорғау органдарына арнаған.

Біз азаматтық қорғау органдарында, осындай адал күйеуі мен әйелі жұмыс істейтініне мақтан тұтамыз!

 

           Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі