
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлерімен бірге "Қора" шатқалында "Қазавиақұтқару"АҚ ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшағымен жаттығу ұшуларын орындады.
Сонымен, оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, "Кора" шатқалындағы туристік жорық кезінде ер адам жарақат алып, өздігінен қозғала алмайды. Көмек туралы келіп түскен хабарламаға "Қазавиақұтқару" АҚ ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшағымен құрамында 4 адам жеке құрамнан және бір иттен тұратын кинологиялық жасақ ұшып шықты.
Оқиға орнына ұшып келгеннен кейін кинологиялық иттің көмегімен іздестіру жұмыстары сәтті жүргізіліп, жасақ жеке құрамының күшімен алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, жаттығу барысында 3 мың 200 метр биіктіктен асқан тау бөктерінде зардап шеккендермен бірге құтқарушыларды бортқа түсіру және отырғызу пысықталды. Мұндай жаттығулар нақты жағдайларда - тауда зардап шеккендерді құтқару кезінде құтқарушы нақты және қатесіз әрекет етуі үшін қажет.
Жаттығу ұшулары құтқарушылардың кәсіби деңгейін қолдау және "Қазавиақұтқару"АҚ ұшу экипаждарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу ұшуларының жоспарына сәйкес өтеді. Жыл басынан бері 4 оқу-жаттығу ұшуы жүзеге асырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі