Мерейтой құрдасы-азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы.

Мерейтой құрдасы-азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы.

Ахан Нұрбол Мағауияұлы, азаматтық қорғау сержанты өз жүмысын 2015 жылы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымында бастады, онда 3 жыл жұмыс істеді. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өрт сөндірушісіне алғашқы дайындық курсынан өтті, сержант атағын алды және өз жұмысын Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының №23 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып жалғастырды, онда ол 2 жылдан бері жұмыс істейді.

2019 жылы өртке қарсы қызмет жұмысында жоғары кәсіби сапалар мен жақсы нәтижелер көрсетті. Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл, Ақан Нұрбол Мағауияұлына да осынша жыл толды. Біз адамдарды құтқару ісіне адал және сенімді адаммен бірге жұмыс жасағанымызды мақтан тұтамыз.

 

                            Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі