Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Өрт тұрғын үй секторы үшін ерекше қауіп төндіреді. Өрттің көршілерге оңай өтіп кетуіне байланысты көп пәтерлі үйлер қауіпті аймақ болып саналады.

Сапасыз жөндеу материалдары қызып кету мен балқу салдарынан улы түтін шығарады. Демек, өткір түтіннен уланудың жоғары қаупі бар.

Тұрғындарды өрт жағдайларынан қорғау үшін көпқабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет.

Қарапайым ережелер

Форс-мажорлық жағдайларды барынша азайту үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

  • Тұрғын үйлердің барлық аулаларында тұрғындардың көліктерін арнайы арналмаған жерлерде тұрақ орыны ретінде пайдалануға жол берілмейді. Бұл жағдайда өрт сөндіру автокөлігінің кіруінде қиындықтар және жарақат алғандарға уақтылы медициналық көмек көрсету ықтималдығы бар;
  • Кіреберіс жолдарын үлкен қоқыстардан, оның ішінде жанғыш заттардан (қораптар және т.б.) тазартыңыз. Егер объектіні өз бетіңізше жинау мүмкін болмаса, басқарушы компанияға талаптарыңызды қойыңыз;
  • Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары мен қасбеттерінің (газ және электр сымдарының) коммуникация жағдайына жауапты адамды анықтау қажет. Сондай-ақ, пәтер иелері өз пәтерлеріндегі коммуникациялардың жұмыс істеуін бақылауға міндетті және ақаулық туралы күдік туындаған жағдайда, олар үйдің басшысымен байланысуы қажет;
  • Балалардың ойнауын қадағалаңыз. Сіріңкемен және жанғыш заттармен ойнауға жол бермеңіз. Оларға өрт қауіпсіздігі техникасы туралы айтуды ұмытпаңыз, эвакуация ережелерін еске түсіріңіз.

Бұл қарапайым ережелер қауіпсіздікті жақсартады. Егер бәрі мұқият болса, онда сіз көп пәтерлі үйлердегі өрттің санын азайтуға сенімді бола аласыз.

 

                                              Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі